Астанада дауылдан 13 адам зардап шекті.
Астана коммуналдық қызметі дауыл салдарын жөнге келтіріп жатқаны айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел жылдамдығы секундына 25 метр болған. «Қазіргі уақытта Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген түрде дауылдың салдарын тазартып жатыр. 14:30-ға дейін 13 адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген, олар өмірге қауіп төндірмейтін жарақат алған», — делінген хабарламада. Қатты желдің салдарынан Достық көшесінде орналасқан сауда орталығының терезелері сынып кеткен.