jasqazaq.kz

Астанада бопса жасаған 5 күдікті ұсталды

06 сәуiр 2018, 12:48

Астана тұрғынынан ірі сомадағы ақша бопсалаған бес күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының бес тұрғынын (төрт еркек пен бір бойжеткен) ұстады. ІІД ақпараты бойынша, әр қайсысы өз рөлін бөліп алған. Бойжеткен зардап шегуші рөлін сомдаса, басқа күдіктілер өздерін оның туысқаны немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Ұсталушылар бопсалау арқылы зардап шегушілерден ірі сомада ақша алып отырған. Олар «құқық бұзушылық» үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға ұсыныс білдірген. Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктілердің қандай қылмыс жасағаны мәлім етілген жоқ. Қазіргі таңда ҚР ҚК 194-бабы «бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Біз бұл ақпаратты жұртшылықтың күдіктілердің суретін көрулері үшін тараттық. Мүмкін, тағы да зардап шеккендер бар шығар. Күдіктілер қамауға алынды, қазір тергеу изоляторында отыр», — деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен. Полиция зардап шегушілерден мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 71-60-31, 71-60-10, 71-60-37, 71-60-55, 8-700-555-10-86.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды