Кеше кешкі уақытта, 30 қаңтарда әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы «Сәлем» базарында алапат өрт шыққанын хабарлады. Оқиғаның видеосы мен суреттері Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жарияланды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы мәліметті растады. «2018 жылы 30 қаңтарда кешкі 22:00 шамасында «Авангард» ЖШС аумағындағы контейнерлер өртенді. Онда автокөлік майлары мен бөлшектері сақталған. 28 өрт сөндіруші 22:49-да өртті ауыздықталды. Өрт аумағы — 120 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін арнайы 7 техника жұмылдырылды. 23:40-та өрт толығымен сөндірілді», — деді Иманқұлов.