jasqazaq.kz

Астанада Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш жасап жатыр

06 наурыз 2018, 17:46


Астана қаласында қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалынып жатыр. Бірақ сазгерге арналған мүсін әншінің туған жері Қызылордада тұрғызылатын болады.

Екі елдің де сүйікті әншісіне айналған Батырхан Шүкеновтың ескерткішін астаналық мүсінші Жарас Шаймерденов жасауда. Әншінің саксафон ұстап тұрған мүсіні көпшіліктің көңілінен шығып, жұртты бір қуанышқа бөледі.   Астаналықтар халықтың ықыласына бөленген сазгердің мүсінін Елордаға да орнату керек деп ұсыныс тастауда. Олар әншінің әр туған күнінде, халық оның ескерткішіне барып сүйікті сазгерінің әсем әндерін айтатын болады дейді.

Желі қолданушылардың басым бөлігі мүсіншінің еңбегін бағалап, оған қошемет көрсетуде. Ескерткіш мүсіннің көптің көңілінен шыққаны соншалық Жарас Шаймерденовты алтын қолды мүсінші деп мақтап жатыр.    Тіпті кейбіреулер Батырхан секілді халықтың ықыласына бөленген тұлғаларға арнап саябақ ашылса екен деп пікір қалдырған. Олар қалаға осы әншілердің жанкүйерлері жиналып есіне алатын арнайы саябақ керек дейді.

stan.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен