jasqazaq.kz

Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

28 сәуiр 2018, 15:20

Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ «Bаmbino» балмұздағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған»,-деп хабарлайды ведомство. Сонымен қатар өнімнің барлығы Сарыарқа ауданы, Тайбурыл көшесі 7 мекенжайында орналасқан дүкенде сатылып кеткен. Микроорганизмдер табылған аталмыш балмұздақ өндіріс цехынан да шықты. Сонымен қатар бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-на әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды. «Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады. Ведомство тұрғындардан «Банур НС» ЖШС өндіретін ТМ «Bаmbino» балұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда тел. 31-71-39, факс: (8-7172) 31-61-10; e-mail: astana.dooz@mz.gov.kz байланыс телефондарына хабарлауын сұрайды.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті