jasqazaq.kz

Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

21 мамыр 2018, 12:33

Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты.

Оның айтуынша, Астана қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткі заттарын сатумен айналысатын тұлғаларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Жедел іздеу шараларын жүргізу барысында елорда көшелерінің бірінен бұрын сотты болған қала тұрғыны 2 грамм героинмен ұсталған. «Күдікті тұрғын жатқан баспананы тексеру барысында салмағы шамамен 4 келі болатын героин табылды. Ол есірткі заттарын өзінің сенімді адамдары арқылы таратқаны белгілі болды және олар да ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. Арнайы операция барысында заңсыз айналымнан шамамен 12 рет қолдануға болатын есірткі дозасы тәркіленді. Бұл есірткінің «қара нарықтағы» құны ақшаға шаққанда 48 млн теңгеден асып жығылады»,- деді ол. Алмас Садубаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4 тармағына және 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен