Астаналық Ақжан Маделхан 4 сәуірде із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz порталына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, жас жігітті соңғы рет елордалық мейрамханалардың бірінде сағат таңғы 5:00-де көргендер бар.
«Ол Қытайда оқиды, мұнда жеке бизнесі бар. Кеңседе жұмысында болған, ол жақтан 19:00 шығып кеткен. Достарымен мейрамханада отырған. Содан кейін байланысқа шықпаған, телефоны сөндірулі», — дейді жоғалған азаматтың ағасы.
Ол толықтырып кеткендей, Ақжан Маделханның ата-анасы ұлының жоғалғаны туралы полицияға шағым түсірген.