«Astana LRT» ісі бойынша күдіктілер анықталуда

10 қазан 2019, 15:12

Тергеу тобы «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты. 

«Тергеу «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Олар елорда әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС-ның, мердігерлік ұйым басшылары мен жобаның жүзеге асуына қатысты адамдар», — деді Сергей Перов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта істің мән-жайын тезірек анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Біз әкімдік пен ЖШС қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Нақты шеңберді айқындап, айтып бере алмаймын. Бірақ барлық адамдар анықталу үстінде. Оның ішінде әкімдіктің басшылық құрамы да бар. 10-нан астам адам тексерілуде. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біз Астана LRT қызметіне қатысты құжаттарға қолдың қойылуымен байланысты адамдардың айналасын анықтадық. Әр адамның жауапкершілік деңгейін анықтаймыз», — деп толықтырды Сергей Перов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

27 қантар, 12:45
Жоғары аудиторлық палата МӘМС жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтады
24 қантар, 10:54
Ит қауып алса, айыбы кімде?
22 қантар, 16:53
Телефон ойындарына тәуелді балаға қандай жаза қолданбаған дұрыс?
21 қантар, 13:57
Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?
16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...