jasqazaq.kz

«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

08 желтоқсан 2017, 8:34

«Астана» клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның «Славия» командасын ұтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылда ширақ ойнағанмен, қазақстандық команданың қорғаушылары сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич қырағылық танытып, бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, «Астана» 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

«Астананың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсан күні белгілі болады. Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Салтанатты шара Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

«Астана» секілді топта екінші орын алған командалар өзге топтарда бірінші орын алған команда немесе Чемпиондар лигасынан келген 8 команданың бірімен ойнайды.

Бүгін, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 14:10
Түркістан: Бақша өнімдерін өсіруге басымдық берілуде
29 шiлде, 14:01
Түркістан: Бәйдібек ауданына мажарстандық инвесторлар келді
29 шiлде, 13:49
Түркістан: Сауран ауданында 200-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады
29 шiлде, 12:55
Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цезы ашылды
28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті