Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасын сынайтын өнер иелеріне жауап қайтарды деп хабарлайды «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Елімізге белгілі әнші Сәкен Майғазиев те әріптестері секілді аталмыш бағдарламаға қарсы шыққан болатын.
«Мен Сәкен ағаның өзін, өнерін сыйлаймын. Оның үстіне біздің қызымыздың тұсауын кескен адам. Ол маған емес, бағдарламаға қарсы ғой. Ал мен өз пікірін білдірген адамға, «сенікі дұрыс емес» дей алмаймын», — деді Аша Матай.
Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, ол ұрысқа құмар адамдардың қатарынан емес.
«Мен өз пікірімді, қарсылығымды ол кісілерді сыйлағандықтан айта алмаймын. Бұл олардың пікірі. Ал қарсылықтарын менің өзіме айтса, оны бағдарлама редакторларымен отырып ақылдасамыз», — деді тележүргізуші.
Айта кетейік, көпшіліктің қарсылығына қарамастан бағдарлама өз жалғасын таппақшы. Мамыр айында демалысқа кететін «Қалаулым» аздаған уақыттан соң эфирден қайта беріледі. Сәкен Майғазиев бағдарламаның жабылуын талап еткен болатын.