jasqazaq.kz

Аршавиннің әйелі күйеуімен көңіл көтерген алматылық қызды сөгіп тастады

11 қантар 2018, 16:17

Алматылық «Қайрат» командасының футболшысы Андрей Арашавиннің жары қазақстандық модель Ольга Семенованың өзін қорқытты деген айыбына жауап берді деп хабарлайды Total.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткен спортшының әйелі Аршавиннің модельді құшақтап тұрған видеосы пайда болғаннан кейін «саусағын кесемін» және «анаша салып жіберемін» деп өзін қорқытқанын айтты.

«Өзгелердің есебінен атағын шығарып, ақша тапқысы келетін кезекті адам. Ол бай еркектерді құрығына түсіргенді жақсы көретінін өзі ашық айтты», — деп мәлімдеді Аршавиннің жары RT арнасына берген сұхбатында.

Алиса Аршавиннің айтуынша, оған жұбайы мен Семенованың бірге жүрген желідегі видеосы оған еш әсер етпеген. Себебі ол басынан-ақ Аршавиннің танымал тұлға екенін түсінген және бұған көндіккеннен басқа шара жоқ.

«Мен Аршавинмен мейрамханада қатар отырған 25 жастағы қыз үшін еш уайымдамаймын. Семёнова клубқа келіп, видеоны түсірген соң қайтып кеткен. Жұбайымның өзі ол видеоны бойжеткеннің ертеректе неге жарияламағанын түсіне алмады. Еркектер бар болғаны мейрамханада демалған, одан артық ештеңе болмаған», — деп атап өтті ол.

Еске салсақ, модель Аршавиннің әйеліне «Аэрофлотта» орын алған оқиғамен қатар айып тақты. Спортшының жарын борттағы тәртіпті бұзғаны үшін екі баласымен лайнерден шығарып жіберген.

Бүгін, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі