Желіде Арман мен Ашаның екінші рет үйленгенін растайтын видео таралып кетті. Бейнежазба авторы жұлдызды жұптың екінші рет шаңырақ көтеріп, той жасағандарын атап өткен, деп хабарлайды Stan.kz.
“Әйелімді өте қатты жақсы көргендіктен, екінші рет үйленіп жатырмын”, – дейді Арман Қоңырбаев бейнежазбада. Алайда Арманның бұл сөзін жұрт қалжыңға балады. Оған өзіндік себеп те жоқ емес.
Бейнежазба кадрларынан Бүркіт пен Аиша, Жанболат пен Жазира сынды өнер иелерін көруге болады. Аты аталған жұптардың отандық телехикаяға түсіп жатқанын ескерсек, Арман мен Ашаның кинода қайта үйленгенін түсіну қиын емес.