jasqazaq.kz

Арақ үшін көршісін өлтірген

15 қантар 2018, 11:53

Қостанай облысында 28 жастағы жігіт көрші әжейді спирттік ішімдік бермегені үшін өлтіріп, артынша үйін өртеп жіберді деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

2018 жылдың 1-қаңтарына қараған түні Қостанай облысы Әулиекөл аудандық кезекші бөлімшесіне Аманқарағай ауылы Мира көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндіріп болған соң полиция үйдің ішінен 76 жастағы әйелдің өлі денесін тапқан. Жедел іздестіру шаралары барысында әжейді азаптап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы көрші жігіт ұсталды.

Белгілі болғандай күдікті жаңа жыл түні сағат екілер шамасында көршісінің үйіне барып спирттік ішімдік беруін сұраған. Әжей қалағанын бере қоймаған соң көзі қарауытқан азамат оны буындырып тастайды. Қылмыскер зейнеткердің үйінен «Samsung galaxy Grand neo», «Samsung galaxy J1» маркалы екі ұялы телефонды да ұрлайды. Осыдан кейін қылмысының артын жабу үшін үйді өртеп, өзі қашып кеткен.

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан