jasqazaq.kz

Апатқа ұшыраған Porsche-нің жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған (видео)

20 наурыз 2018, 12:28

Жақында Алматыда жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен Porsche Panamera жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

«Қазіргі уақытта ер адамды іздестіру жұмыстарына Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Іс материалдарын Алматы қалалық Анықтау басқармасы жол апаттарын тергеу бөлімі өндіріске алды», — деп хабарлады Әзірбек. Полиция жол апатының Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында болғанын растады. Сондай-ақ, жол апатынан ешкімнің зардап шекпегені айтылады. Еске сала кетейік, осыған дейін Porsche автокөлігінің жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен сәті түсірілген видео жарияланған болатын.

 

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен