jasqazaq.kz

Антикор: Соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды

29 қазан 2024, 9:52

Соңғы 5 жылда еліміздің жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалып, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. Бұл туралы Антикор жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңесте айтты.

Антикор мәліметінше, 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Жұртшылық мұны жемқорлықпен байланыстырады. Ағымдағы жылдың басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеді. Сыртқы талдау жоспарлаудан бастап бақылау мен күтіп ұстауға дейінгі жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетті.

Бастапқы кезеңде проблемалық учаскелер дұрыс анықталмайды, жақында салынған жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобалау кезінде смета шамадан тыс жұмыс пен материалдардың есебінен жасанды түрде жоғарылатылады.

Келісімшарттар көбінесе тәжірибесі мен ресурстары жоқ мердігерлермен, бір көзден немесе картельдік келісім шарттарымен жасалады. Қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту ешкімнің бақылауында емес. Ол өзінің жеткіліксіздігін және көп сатылы бақылау жүйесін көрсетті. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының анықталған ақаулар туралы қорытындыларын орындау міндетті емес, ал техникалық қадағалау өз функцияларын ресми түрде орындайды,- делінген хабарламада.

Саланы дамыту үшін Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды. Қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды енгізудің орнына институт нормативтік құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Жаңа технологияларды енгізуді бақылаудың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және күрделі нормативтік-құқықтық база да автожолдардың сапасына әсер етеді. Цифрландырудың жеткіліксіздігі проблеманы ушықтырады. Соңғы 10 жылда ақпараттық жүйелерді дамытуға 16 млрд бюджет қаражаты жұмсалды. Дегенмен, жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген.

Талдау қорытындысы бойынша Агенттік осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 90-нан астам ұсыныс дайындады. Жобалар сараптамасының және техникалық қадағалау институтының функционалын қайта қарау, ҚазжолҒЗИ -. сұранысқа ие инновациялық технологияларды әзірлеуге қайта бағдарлау, ірі жол жобаларын ғылыми-техникалық сүйемелдеу, жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілеттіктерін күшейту, сондай-ақ жолдардың цифрлық картасын жасау жөнінде шаралар ұсынылды. Бірқатар ұсыныстар қазірдің өзінде сыналуда.

Мысалы, Атырау облысында автожолдардың бірін орташа жөндеу кезінде «Цифрлық теңге» жобасы арқылы бөлінген ақшалай қаражатты қадағалау жоспарлануда. Жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ANTIKOR (@antikor.kaz)

JQ-Aqparat 

Сурет: primeminister kz
30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды