jasqazaq.kz

Әншіні пышақтап кетті

25 мамыр 2018, 12:22

Белгілі продюсер Алуа Қонарованың «Renzo» тобындағы әнші жігітті белгісіз біреулер пышақтап кеткен. Бұл жайында продюсер GakkuNews бағдарламасында айтты.

Алуаның сөзінше, топ мүшесі Есеттің өміріне қастандық жасалған. Қасгөйлер оның жүрегінің айналасына екі рет пышақ сұғыпты.

«Қазіргі таңда топтағы жігіттердің біріне әлі де билеуге болмайды. Ауыр көтеруге, қатты қозғалуға тыйым салынған. Өйткені оның өміріне қауіпті. Жүрегінің айналасына екі рет пышақ сұққан. Бір литр қан жоғалтқан. Көшеде жалғыз қалған ол үйге әрең жетіпті. Содан есінен танып қалған. Жедел-жәрдемді есін жинағанда ғана шақырған», — дейді Алуа Қонарова.

Ауыр халдегі Есеттің аман қалуына дәрігерлер де күмән келтірген екен. Сәтін салғанда, өлімнен арашалап алыпты. Осы жағдайды қорқынышпен баяндаған Алуа Қонарова Есетке қастандық жасалған деп отыр. Дегенмен, полицияға арыз жазбаған. Себебі, әнші қарсылық білдіріп, болған жағдайды бір адамның білгенін қаламапты.

sn.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен