jasqazaq.kz

Қанат Ислам жеңіске жетіп, халқымыздың абыройын асқақтатты!

29 қазан 2016, 22:11

kanat

Отандасымыз WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңді.

Бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 22 кездесуі. Отандасымыз кездесулердің барлығында да жеңіске жеткен. Тіпті оның 18 жекпе-жегін ол уақытынан бұрын аяқтаған. Қанат Ислам алдынғы кездесуінде жеңіске жетіп, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалған. Бұл — оның кәсіпқой рингте қол жеткізген алғашқы және әзірше жалғыз белбеуі. Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие. Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшының да салмағы 68 келіні көрсетті.

29 қазанда «Алматы Аренада» өткен Ислам мен Аллотей кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Андеркартта қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті. Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты бірінші раундта ұтса, Айдар Шәрібаев испандық боксшыны 6 раунд қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Али Ахмедов әзірбайжандық Али Маммедовтан бірінші раундта айласын асырса, Руслан Мырсатаев ганалық Наху Азумиды жылдам жер жастандырды. Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінде сес көрсеткен қарсыласы Айсак Ариені төртінші раундта айқын жеңіп шықты. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастап, 2010 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан колумбиялық Милтон Нуньесті бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Ол кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін Қанат әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық «Астана арландары» командасының намысын қорғады.

tengrinews.kz

26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі