Ресейлік атышулы «Дом-2» реалити-шоуына қатысқан Анастасия Кочервей басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Ол анасы қатерлі ісікке шалдыққан соң, еркектерге тәнін сатып, ем-домға ақша жинаған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлады.
«Мен бар алтынымды сатып, анамды құтқарғым келді. Бірақ ол емделуге жетпеді… Содан кейін мен өз жігітімнің көзіне шөп салып, екі рет ақша үшін бір еркекпен төсектес болдым», — дейді Кочервей.
Арудың айтуынша, ол анасы үшін тәнін сатуға мәжбүр болған. Себебі өз сүйіктісі Андрей Шабарин оған көмектеспей қойыпты.
«Біз бір айдай кездестік. Сол уақытта анамның қорқынышты диагнозын естідік. Жігітімнен басқа көмек сұрайтын адамым болмады. Бірақ ол маған ақша бере алмайтынын айтты. Әкемнің де жұмысында қиындықтар болып қалды.
Кейінірек барлық оқиға біткен соң, мен жігітіммен қайта татуластым. Сырымды ішіме сақтай алмай, ақшаны қалай тапқанымды айтып бердім. Содан бері ол мен жезөкше деп атайтын болды. Тіпті қорқытып, барлығына былығыңды жауып саламын деп қоқан лоққы көрсететін. Әрине мен мұнымен мақтанбаймын. Мен үшін ең бастысы анам аман, жанымда жүр», — деп ағынан жарылды ол.