jasqazaq.kz

Анар Бексұлтанова: Талаптансаң жетістікке жетесің

08 қазан 2024, 14:32

Бәріне ортақ журналистика
«Бәріне ортақ журналистика» — Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курсқа қатысушы Ақжол Бектұрған тараздық кәсіпкер туралы мақаласын ұсынады.

Тараздық Анар Бексұлтанова қос қолы жоқ болса да, екі аяғымен іс тігіп, өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол бүгінде қыз жасауын дайындап, көпке іскерлігімен, батылдығымен және өжеттілігімен танылды. Тігінші алғаш «Janome» тігін машинасымен құрақ құрап, көрпе тігуді үйреніпті. Әлі күнге сол тігін құралымен жұмыс істеп, еңбек етуде екен. Бүгінде ол екі қыздың анасы. Шағын кәсібін дөңгелетіп отырған тігінші өзін де, қыздарын да асырап, бірнеше адамның табыс табуына мүмкіндік жасауда.
Осыдан 4 жыл бұрын Анар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Бір аптада 4-5 тапсырыс алады.
«Жұмыс істеймін деген азаматтарға екі қолға бір күрек табылады. Мен аяғыммен іс тігемін, сурет те саламын. Көрмелерге де қатысамын. Үй шаруасымен де айналысамын. Үйімнің бір бөлмесінен тігін цехын аштым. Сол жерде қыз жасауын тігіп отырмын. Осы ісімді бастағанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, жеті тігін машинасын алдым. Төрт әйелді жұмыспен қамтыдым. Жақында осы ісімді кеңейту үшін екінші денгейлі банктен тағы да 3 миллион теңге несие алып отырмын», — дейді Анар.


Қазір ол ауласында жаңа ашқалы отырған тігін цехының жұмысы аяқтап, тігін станоктарын орнатуда екен.
Осы бір тағдырдың басқа салғанына қарсы тұрып, кәсіп ашып, өзгелерге жұмыс беріп отырған кәсіпкер жуырда Ұлттық экономика министрлігінен Құрмет грамотасымен марапатталыпты. Анар өзінің аз ғана уақытта еңбегі еленіп, осындай марапатқа ие болып жатқанына қуанышты.
«Жұмыс істегісі келетін адамдарға жұмыс табылады. Талаптанса, жетістікке жетуге болады», — деп қосты Анар. Оның алдағы мақсаттарының бірі – қыз жасауын сататын дүкен ашу.

Ақжол Бектұрған,
курсқа қатысушысы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды