Ешкімге ұқсамайтын ерекше образымен және айрықша даусымен танылған отандық әнші Ғалымжан Молданазар Америкада қазақтың туын желбіретіп, елді сүйсінтті.
Nur.kz хабарлағандай, әнші өз тобымен бірге қазіргі уақытта АҚШ-тың ең үлкен қалаларында гастрольдік сапармен жүр.
Оның Америкада көлігіне өз туымызды қойып жүргені көптеген азаматтардың мақтанышын тудырды. «Жарайсың», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Фильмдегідей болып тұрсыздар ғой», — деп жарыса жазды желі қолданушылары. Айта кетейік, әнші жақында ғана «Есімде бәрі» деген атаумен жеті тректен тұратын үнтаспаны жарыққа шығарған болатын. Сондай-ақ, Молданазар тойсыз да ақша табуға болатыны жайлы мәлімдеген еді.
«Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа? Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық», — деді әнші.