jasqazaq.kz

Альварес спорттан уақытша шеттетілді

24 наурыз 2018, 11:04

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілді.

Боксшының тағдыры бұдан әрі қалай болатындығы аталған комиссияның 10 сәуірде өтетін отырысында белгілі болады. Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат — Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварес тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтірген болатын. Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен