jasqazaq.kz

Алматының дәмханаларынан жәндіктер табылған

26 қантар 2018, 18:05

Алматыдағы кейбір дәмханалар сынақтан сүрінді. Тағам өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша 49 шағым келіп түскен. Олардың көбісі астың көгеруі, сақтау мерзімінің бұзылуы, дайын тағамнан жәндіктер шығуына байланысты болған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткізген брифинг барысында мәлім етті.

Жиын барысында департамент басшысы жеке және заңды тұлғаның өтініш-шағымымен жұмыс істейтіндерін алға тартты. Соның ішінде нан, сүт өнімдері, суши, пицца, хотдог, шашлык, донерге қатысты арыз көптеп түседі екен. Тексеру кезінде «Ром кафе», «Меззалуна», «Дунганка», «Табуко», «Лаффа» дәмханаларында дайын тағамнан жәндіктер шыққан. Бұған қоса, «Дональдс» фаст фуды, «Сары Арқа» базары, «Адал» дүкені мен «АДК» гипермаркеті және «Рузи нан» наубайханасынан көгерген азық-түлік табылған.

Осылайша сынақтан сүрінген сауда орындары мен дәмханаларға әкілшілік шара қолданылып, 907 600 теңге көлемінде 19 айыппұл салынған. Сондай-ақ, 13 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына 16 ұйғарым беріліп, іс-әрекетін тоқтату бойынша 2 материал сотқа жолданыпты.

Салтанат ШЫРЫНХАН

jasqazaq.kz

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті