Алматы тұрғыны 6 жасар Лиэль Махпирова Максим Галкиннің Бірінші арнадағы «Бәрінен мықты» шоуына қатысты.
Tengrinews.kz хабарлағандай, бағдарламаның сахнасында қыз бала қиын гимнастикалық трюктер көрсетіп, көрермендерді таңғалдырды. Жарайсың, жарайсың», — деді залдарғы көрермендер. Өнер көрсетіп болғаннан кейін, бағдарлама жүргізушісі қызға медаль тағып, тәттілер салынған сөмке мен гүл табыстады. Кішкентай әртіс осы күнге дейін бірнеше марапаттарға ие болған. Бағдарламаға қыз бала әкесі Азим мен әпкесі Каринамен бірге келген. Айта кетейік, Каринада осыған дейін «Бәрінен мықты» шоуына қатысқан еді.