Алматы тұрғыны түнгі уақытта зорлықшыға тап болған бойжеткенді құтқарып қалды.
Николайдың айтуынша, 15 мамыр күні шамамен сағат түнгі тоғыздарда ол Сәтбаев-Розыбакиев көшесінің бойымен үйіне жұмысынан қайтып бара жатады.
Көлігімен аулаға кірген жігіт 70 метр қашықтықта түсініксіз жағдай болып жатқанын байқаған.
Жақындағанда қыздың айқайын естіп, зорлықшыны көрген азамат оған дереу көмекке жүгіреді.
«Мен оны жолға итеріп жіберіп, бетін асфальтқа ұрдым. Бойжеткен қатты айқайлап жатты», — деп есіне алды жігіт.
Зорлықшы қашып кетпек болғанымен, оның артынан екі шақырым бойы қуған Николай ер адамды қолға түсіреді. Содан кейін ол Бостандық АІІБ-не зорлықшыны алып барған.
Бойжеткен зорлықшының үстінен шағым түсіргенін ІІД растап отыр. «Зорлауға әрекеттену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.