jasqazaq.kz

Алматылық жігіт бес түрлі әйелден он баланың әкесі атанды

30 мамыр 2018, 13:09

Алматылық келіншек өзінен он бес жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, алғашқы баласын босанғаннан кейін жұбайының бесінші әйелі екенін білген. Осы оқиғадан соң ата-анасы ажырасуын талап еткенімен отбасын ойрандауға дәті бармаған келіншек жан сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Келіншектің айтуынша жұбайының бұрынғы әйелдері мен балалары туралы мүлде білмеген. Тұңғыш баласын босанғаннан кейін ғана күйеуі ағынан жарылып, бар шындықты жайып салған.

«Маған дейін төрт әйелі болыпты, бірінші әйелінде бір ұлы бар, екіншісінде екі қыз, үшіншісінде де қос бірдей қыздары бар. Ал төртінші әйелі тумаған. Соңғы бесінші әйелі мен болып отырмын», — дейді ол.
Шындықтың беті ашылған соң ата-анасы қызынан ажырасуын талап еткен. Дегенмен, баласын әкесіз өсіргісі келмеген келіншек айырылысудан бас тартады. Бүгінде үшінші сәбиін дүниеге әкелген ол, күйеуінің тағы да бір жасырғаны бар екенін байқайды.

«Басында мазасын алып жүрген бұрынғы әйелдері шығар деп аса қатты мән бермедім. Сосын шыдамай күйеуімнен сұрадым. Ол өзі мойындады. Менімен үйленбей тұрып бір қызбен жүрген екен, екеуміз отау құрғасын сол қызбен сегіз ай кездеспей қалыпты. Кейін кездейсоқ көрісіп, ара қатынастарын жалғастырыпты. Бүгінде күйеуімнің сол әйелден екі егіз ұлы бар», — деп сөзін жалғастырды желі қолданушысы.

«Қазір бес түрлі әйелден он баланың әкесі атанып отырған еркектің жарымын» деген әйел күйеуінің аса қамқор, табысқор әрі тәрбиелі екенін айтады.

«Мені ешқайда жібермейді, зорлық-зомбылығы жоқ, ақша беріп тұрады, оқытып та жатыр. Тек әйелдері демесең, өзі жақсы адам», — деп сөзін аяқтады.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді