jasqazaq.kz

Алматылық мұғалімдер мен әскерилер көлік ұрлап, шетел асырып келген

28 сәуiр 2018, 12:21

Алматылық мұғалімдер мен әскерилер енді көлік ұрлауға шығыпты. Қылмыстық іске қатысы бар бір топ педагог пен арнайы органның қызметкерлері ұсталды. Олар түрлі жолмен қымбат көліктерді жымқырып, шетел асырып отырған. 

4 айдың ішінде 10-нан аса автокөлік ұрланған. Қазір жәбірленушілер материалдық шығындарын өндіре алмай, табанынан тозып жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында тек Toyota автокөліктерін ғана қолды қылумен айналысқан. Жымқырылған көліктерді түнделетіп, Жамбыл облысының Қордай ауылына жеткізіп, Қырғызстанға апарып сатып, ақшасын өзара бөлісіп отырған.

Тергеу мәліметтері бойынша, бес адамнан тұратын топ автокөліктерді ұрлауға арналған арнайы қондырғыны сатып алған. Сол заттың көмегімен қаланың әр аумағынан машиналарды ұрлап, түнделетіп, Қордай ауылына жеткізіп отырған. Осылайша қылмыскерлер 4 айдың ішінде 11 автокөлікті қолды қылған. Соңғы рет жол талғамайтын көлікті жымқырып, сатпақ болған жерлерінен қолға түскен. Қазір ұрланған темір тұлпарлардың тек төртеуі ғана табылған. Мемлекеттік айыптаушы тарап оларға 6 жыл жаза сұрап отыр.

«Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жыл сегіз ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды жазаны өтеуді қылмыстық атқару жүейсінің орташа жүйесінде белгілеуіңізді сұраймын» – дейді мемлекеттік айыптаушы Ержан Тұрсынқұлов.

Тергеу барысында күдіктілер кінәларын мойындағанымен, сотта тағылған айыппен толық келіспей отыр. Араларында бұрынғы әскерилер мен білім саласының қызметкерлері де бар. Бірнеше жәбірленушіге ғана келтірілген шығынды өтеген.

«Бас бостандықтарынан айыруды сұраймыз. Қатаң жаза тағайындауды өтінеміз. Қазақстан Республикасының азаматтары болашақта заңсыз іс-әрекеттермен байланысты болмайтын алдын алудың мақсатында әділетті шешім қабылдайды деп ойлаймыз. Әділ шешім қабылдайтын өзіңіз ғана» – деді жәбірленуші Назира Көмекбаева.

Не көлігін, не өтемақысын ала алмаған жәбірленушілер сотталушылардың дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын ауырлатуды талап етуде. Өйткені, қылмыс жасалғандар анықталып, іс сотқа жеткенше жүйкелері жұқарып, денсаулықтарына залал келгенін айтады. Сондықтан келтірілген материалдық шығынмен бірге моралдық өтемақы да өндіріп алуды көздеуде.

«Осы бес сотталушы 6 қорғаушымен келіп отыр. Осы қылмыстық іс жасалғалы бері болып жатқан моральдық шығын өз алдына бір төбе. Маған керегі ірі қомақты көлемде шығын келтіріп, аса ауыр қылмыс жасап отырған сотталушыларды ата заңымыздың ең қатал баптарымен жазалап, материалдық шығынымды өтеп беруіңізді талап етемін» – дейді жәбірленуші Майгүл Мұстафина.

Алайда сот барлығын кінәлі деп тауып, Медет Батахановты 6 жыл 8 айға, Бауыржан Құрымбаев, Әнуар Көпбосынов және Әділет Жылқыбаевты 5 жылдан аса мерзімге бас бостандықтарынан айырды. Ал осы уақытқа дейін кепілмен босатылған Азамат Мақашев 1 жыл 10 айға сотталып, сот залынан қамауға алынды. Келтірілген шығын барлық сотталушылардан теңдей өндірілетін болады.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті