jasqazaq.kz

Алматылық әйел баласын 20 мың АҚШ долларына сатпақшы болған

13 сәуiр 2018, 16:22

Алматылық Юлия Щеглова әлеуметтік желі арқылы хабарлама таратып, баласын 20 мың АҚШ долларына сатпақ болады.

5 сәуірде Мәскеуге келіп, келісім бойынша баланы өзгенің қолына беруге бел байлапты. Ал Юлияның анасы барлық жағдайды болар іс болғаннан соң естігенін айтады.

Qamshy.kz  хабарлағандай, «Екінші сәуірде үйде болған. Бірақ үйге келсек, әлденеге асыққаны байқалады. Теледидар қосулы қалған. Тамағы ішілмеген. Оның қашан Ресейге кеткенін, не үшін мұндай қадамға барғанын білмеймін. О жақтан хабар жеткенде, талып қала жаздадым», — дейді Юлия Щеглованың анасы Любовь Зайцева.

Юлия Щеглова жүктіліктің 3 айлық кезеңінде күйеуімен ажырасқан екен. Оған қолдау білдіріп, жәрдемдескен жандар Юлия босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтады.

«Естігенде есеңгіреп, түнімен ұйықтамай шықтым. Бәріміз бір-бірімізге хабарласып, болған жайттың ақиқаттығына көз жеткіздік. Біз оған сеніп, үміт артқан едік. Ұлына қажетті дәрі-дәрмек, киім-кешек болсын, барлығын оған тапсырғанбыз. Шындығында ештеңеге мұқтаж емес болатын», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Анита Гурман.

Ал, баласын саудалаған безбүйрек келіншектің бұрынғы күйеуі қазір Мәскеуге аттаныпты. Одан жауап алынып, жәбірленуші ретінде танылған. Ал тергеу өкілдері барлық құжаттармен танысқан соң, баланы әкесінің қолына берген. 33 жастағы Юлия Щеглованың әрекетін қаржылық қиыншылықтан деп болжағандар да бар. Бірақ Алматыда тұратын анасы «бізге басындағы ахуалды айтқанда қызымызды кез келген қиындықтан құтқаратын едік» дейді. Қазір қазақстандық азаматшаға адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолына кісен салынған.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды