jasqazaq.kz

Алматыда жылу қашан қосылады?

03 қазан 2024, 10:10

Алматыда қыркүйектің ортасынан бері күн салқын. Күндіз 20-22 градус жылы болғанымен, кешке қарай температура күрт түседі. Қанша дегенмен тауда жауған қардың ызғары білінеді. Сондықтан әсіресе көп қабатты үйде тұратындар қалтырай бастады.

Енді, міне, жақсы жаңалық:   7-11 қазан аралығында жылуды кезең-кезеңімен қосуды бастайды. Әдеттегідей, ең алдымен балабақша, мектеп және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, маусымға дайындық деңгейі 99 пайыз.
Ал тұрғын үйлер жылуға қашан қосылады? Әкімдік хабарламасында «5 күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылу маусымы 15 қазанда басталады» делінген.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімдігінің Телеграм-каналы

 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?