jasqazaq.kz

Алматыда жылу құбыры жарылды

16 мамыр 2016, 17:59

20160516171855

Бүгін Алматыда Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды. 10 метр биіктікке атқылаған ыстық судың салдарынан екі жеңіл автокөлік зақымдалды.

Алматы жылуэнерго кешені және тұрғын коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гириннің мәлімдеуінше, құбыр жарылысы бүгін түстен кейін шамамен сағат 15:20-да, құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу жұмысы барысында орын алған.

Артынша, оқиға орнына апаттық бригада келіп жетіп, аумақта қоршауға алды. Құбыр жарылысы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бірақ, алдын ала деректер бойынша екі жеңіл автокөлік зақымдалған. Олардың иелері енді тиісті арыз жазып, сақтандыру компаниялары арқылы өтемақы ала алады.

Айта кетелік, жарылған құбырдың диаметрі — 500 мм. Ал ыстық судың температурасы — 40-45 градус болған. Яғни, анау айтқандай қауіпті болмаған. Құбырдың іске қосылғанына 23 жыл болған.

Қазіргі сәтте оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет