jasqazaq.kz

Алматыда жол жүру ақысы екі есеге қымбаттауы мүмкін

17 қантар 2018, 21:14

Алматыда жол жүру ақысы екі есеге қымбаттауы мүмкін. Тасымалдаушылар қауымдастығы тарифті көтеру туралы ұсынысын әкімдікке жеткізген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Олардың айтуынша, 2012 жылдан бері баяғы жартас сол жартас. Баға өзгермеген. Ал, алты жылдың ішінде жанармайдың бағасы 80, газ 112 пайызға дейін шарықтап кеткен. Оған автобусты жөндеу секілді қызмет құнын қосыңыз. Автопарктер қазір қыл үстінде. Пайданы ойламақ түгілі, шығын ұйығынан қалай шығудың жолын таппай бастары қатқан. Тығырықтан шығудың жолы билетті 80 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру дейді қауымдастық. Болмаса, шаһар әкімдігі қосымша субсидия бөлуін сұрап отыр. . Егер де атқамінерлер 150 теңгелік тарифті бекітсе, онда Алматы Астананы басып озған жол ақысы ең қымбат қалалардың көшін бастайды.

Сәбит Аманбаев Алматы тасымалдаушылар қауымдастығының президенті:

— Тариф комиссиясы тексерген кезде 149 теңге екені дәлелденген. 149 теңге болу керек. Нарық көлемі 21 млрд теңге. Ал, қызметті қамтамасыз ету үшін толық 39 млрд теңге керек. Сонымен 18 млрд теңге субсидиялау қажет. Яғни, мемлекеттік қаржыландырумен сонда бұл қызмет қамтамасыз етіледі.

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан