jasqazaq.kz

Алматыда жоғалып кеткен қыз сауда үйін аралап жүрген

11 сәуiр 2018, 14:48

Алматыда жақындары 5 күн бойы іздеп жүрген 9 сынып оқушысы Арайлым Жұматаеваны біреулер сауда үйін аралап жүрген жерінен көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыздың туысқандарының айтуынша, Арайлымның түнгі уақытта қаладағы сауда үйлерін аралап жүргені бейнекамераларға түсіп қалған. «Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері бізге «Esentai Mall» орталығындағы камералардың бірін көрсетті. 8- 9 сәуірге қараған түні ол орталықта жүрген, тіпті орындықтарға жатқан. Таңғы 3:00-ге дейін қыз сол жерде болған. 3 шамасында ғимараттың күзетшісі оны далаға шығарып жіберген. Ең бастысы Арайлым аман», — деді қыздың тәтесі Айнұр Нығманова. Айта кету керек, бойжеткен жоғалып кеткені туралы хабарламадан соң Бостандық аудандық ІІБ арнайы жедел іздестіру тобын құрған болатын. Қазір бұл топ Алматының барлық нысандарын қарауда. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына еріктілер де көмектесіп жатыр. Тәтесінің айтуынша, Арайлымның әкесі 5 жыл бұрын көз жұмған. Анасы аурушаң, әрі басқа қалада тұрады екен. Айнұр Нығманова Арайлымды өз қызындай тәрбиелеп отырғанын айтты. «Ол өте байсалды, тіпті ұяң қыз. Бұрын мұндай жағдай болмаған еді. Бір мезгіл қыдырғысы келген шығар. Кеш батып кеткен соң қорыққан болар. Тіпті не ойларымды да білмеймін. Ол өзінің анасына, Қарағандыға бармаған екен. Көңілімізге қыздың аман екендігі ғана медет болып отыр», — деді тәтесі. Айта кету керек, Арайлым Жұматаева 7 сәуірде үйіне келмеген. 9-сынып оқушысы құрбыларымен сауда-ойын сауық орталығына қыдыруға кеткен. Қайтар уақытта құрбыларын шығарып салған Арайлым үйіне қайта бармаған еді. Үстінде мектеп формасы мен сұр плащ болатын.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды