jasqazaq.kz

Алматыда «жер сатып» елді алдаған

29 мамыр 2018, 12:50

Әуезов аудандық сотында адамдарға жер алып беремін деп алдап соққан Алматы тұрғынының ісі қаралды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2017 жылдың тамызында таныстарының бірінің сеніміне кіріп, Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы 8 сотық жерді 600 мың теңгеге сатып алуға итермелеген. Ақшаны алып алған соң ер адам ізін суытқан. 2017 жылдың желтоқсанында ол тағы бір танысына «Болашақ» бағдарламасы бойынша кезегін жылжытып беремін деп 950 мың теңгесін қолды еткен. Бірнеше аптадан соң компьютерлік клубта тағы бір адаммен танысып, оған жоғарыда айтылған жер учаскесін 500 мың теңгеге сатқан. Осылайша, оларға келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден асты. «Сот шешімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылды. Ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді баспасөз қызметінен.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен