Алматыда полиция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерінен есірткі тауып алды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 наурызда Алматыдағы әуежайда Ғабит Нұрахановтан темекі қорабы талынып, тәркіленді. Қораптағы шылымдардың бірінің ішіне марихуана салынған.
Нұраханов Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін және қызмет тәртібін бұзғаны үшін қызметінен босатылды.
Қазіргі уақытта агенттік алдын алу шарасы мен тиісті бақылау жасамаған департамент басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.