jasqazaq.kz

Алматыда туризм саласы рекордтық өсім көрсетті

13 қантар 2025, 14:45

Былтыр тоғыз айдың ішінде Алматыға 1,7 миллион адам келді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға көп. Сәйкесінше, салық түсімдері екі есе — 85,5 миллиард теңгеге дейін артқан.

Туризм саласына салынған инвестиция да айтарлықтай өсті — 92,9 миллиард теңге.

Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды. Атап айтсақ, 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй, соның арқасында 836 бөлме қосылды.

2025 жылы Алматы позициясын Орталық Азияның жетекші туристік орталығы ретінде нығайту үшін инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып, инвесторларды тартуды жалғастырады.

JQ-Aqparat

Фото: sxodim.com

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет