Алматы полицейлері Төле би мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханалардың бірінен жарылғыш затты іздеген.
Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеода полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану орнын қоршауға алған. ІІД хабарлауынша, оқиға бүгін күндіз орын алған.
«Қоғамдық тамақтану орнында жарылғыш зат бары туралы хабарлама келіп түскен. Осыдан кейін адамдарды эвакуациялау және тексеру шаралару ұйымдастырылған. Алайда ақпарат расталмады. Оны хабарлаған адам іздестірілуде», — дейді Салтанат Әзірбек.