Алматыда такси жүргізушісі қазақша амандасқан жолаушыны көліктен түсіріп кеткен

29 маусым 2022, 13:30

Журналист Ұлпан Құрайысова Алматыда болған жайтты айтып берді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша «Яндекс такси» такси жүргізушісі оны қызымен бірге қазақша амандасқаны үшін көліктен түсіріп кеткен.

«Мені кәмелет жасқа толмаған қызыммен бірге Яндек жүргізушісі боқтап көліктен шығарып жіберді. Қазақша амандасқаным үшін «пошла на…, су*а», «выметайся, су*а» деп қуып шықты. Ол көліктен бүкіл пакеттерімді лақтырып жіберді. Қатты таң қалдым. Яндексті пайдаланғалы 4 жылда бұл алғаш рет болып тұр. Қолдау қызметіне айтқан арызыма олар 1 500 теңге бонуспен құтылмақ болды. Бірақ қорлау осында бонустық ақша тұра ма? Яндек қызмет көрсетуден хабарласты, шара қолданатындарын айтты. Бірақ маған бұл шара ұнамайды. Бұл дұрыс деп ойлайсыздар ма? Мен 102 шақырдым, шовинизмнің пайда болуы туралы айттым. Бұл істі қолдарына алады деген үміттемін», — деді журналист.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды