Алматыда Алмалы аудандық сотының аумағы қоршауға алынды. Бұл туралы «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасында айтылды.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
«Әди Шәріпов көшесінің бойы Төле би мен Бөгенбай батыр аралығы қоршауға алынды. Адамдарды жібермей жатыр. Көліктер кері қайтуда», — дейді бағдарлама тілшісі. Полицейлер пікірді кейін беретіндерін айтты.