jasqazaq.kz

Алматыда «синтетика» сатушы ұсталды (Видео)

20 наурыз 2023, 13:58

Алматы қаласы полиция департаменті жүргізген операция барысында «синтетика» сатушы ұсталды. Polisia.kz. хабарлағандай, есірткі заттарын жасырып кетумен айналысқан жігіттен мефедрон салынған 265 түрлі-түсті орама тәркіленді.

Алматы облысының тумасы қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған. Алты айдан кейін күдікті синтетикалық және психотроптық заттарды ораумен айналыса бастаған. Берілген нұсқау бойынша салмағы 200 грамнан асатын ірі көлемдегі орамаларды әзірлеген. Жігіттің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде «мефедрон» деген жазуымен 500 грамм ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған үлкен пакет, таразы, 400 zip-lock пакеттері, 43 түрлі-түсті изолента мен қағаз жапсырмалар, 105 дайын есірткі орамдары тәркіленді. Осы операцияның нәтижесінде полиция 1 кило 400 грамм синтетикалық есірткіні айналымға жібермеді.

Жалпы өткен аптада ел бойынша тәртіп сақшылары 124 есірткі құқық бұзушылығын анықтады: оның ішінде 16 өткізу фактісі, 15 сақтау фактісі, екі контрабанда фактісі, екі есірткі өсіру фактісі, бір притонды ұйымдастыру және ұстау фактісі. Заңсыз айналымнан шамамен 121 кг есірткі, оның ішінде 6,5 кг синтетика тәркіленді.

@jasqazaq.kzАлматыда «синтетика» сатушы ұсталды

♬ оригинальный звук JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата