jasqazaq.kz

Алматыда саусағы үсіген оқушы ауруханаға түсті

26 қантар 2018, 23:19

Алматыда саусағы үсіген оқушы аймақтық балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланың ахуалы туралы медициналық мекеменің дәрігерлері айтып берді. «Баланың қолдарының 3 саусағын 1-3 дәрежелі 2% үсік шалған. Пациент консервативтік ем қабылдап жатыр. Операция жасау қажеттілігі жоқ. 2 аптадан соң үйіне жіберіледі», — деді Алматы аймақтық балалар ауруханасы директорының медициналық жұмыстар бойынша орынбасары Асқар Қалиев. Айта кету керек, Алматыда 24-26 аралығында 11 адам үсік шалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге үш күн ішінде 24 адамнан қоңырау түскен. «Оның ішінде 10 адамға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Олар ары қарай амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 11 адам қалалық ауруханаларға жеткізіліп, оларға қабылдау бөлімінде медициналық көмек көрсетілді. Оның 3-і бала. Тағы 3 адам облыстық ауруханаларға бағытталды», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті