Алматыда ер адам су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталықты қиратты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның суреттері Желіде жарияланып жатыр.
Сөйтсек, автосалон келушісі Rolls Royce Ghost көлігін қарап отырып, газды басып жіберіп, сөреге соғылған. Оқиға Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы автоорталықтардың бірінде болған.
«Ер адам салонда Rolls Roys көлігін қарап жатып, газ педалін басып жіберген, сөйтіп, көлікпен сөрені соққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — деді Astana Motors компаниясының өкілдері.