jasqazaq.kz

Алматыда мәшинені құтырып айдаған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды (Видео)

09 қантар 2025, 14:52

Жуырда Еgov.Press Телеграм-каналы «Мерседеске» мініп алып, жол ережесіне пысқырмай ойқастаған жүргізушінің бейнежазбасын жариялап, ішкі істер министрлігінен қатаң шара қолдануды сұраған болатын. Ол видеоны Instagram парақшасына мәшинені құтырып айдаған Әлібек Әбішевтің өзі жүктегені де айтылды.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері осы жәйтке назар аударып, шара қабылдаған көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев: «Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды», — деді.
Тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Неге екенін, кінәсін мойындап, кешірім сұрағаны туралы видеосы әзірге шықпады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет