Алматыдағы №49 бағыттағы қоғамдық көлікте болған дау Instagram желісінде тарап, қызу талқыға түсті. Онда автобус қызметкері мен жолаушы төбелесіп қалған.
Видеоның астында жолаушы қыз кондуктордан өзі төлеген жолақыға түбіртек сұрағанын жазған. Алайда қызметкер әйел қолын бір сілтеп, естімеген сыңай танытқан. Ал өзін түсіріп тұрған камераны көрген кезде, телефонына жармасып, төбелесті бастапты.
«АвтоАлмаТранс» ЖШС-ның аға диспетчері аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді. Сұхбатты InAlmaty.kz сайты жариялаған.
Диспетчердің сөзіне сүйенсек, олар кондуктордың әрекеті үшін жауапты автобус жүргізушісіне айыппұл салыпты. Сондай-ақ қоғамдық көлік қызметкерімен әңгімелесіп, оған тәрбиелік кеңестер берген.