jasqazaq.kz

Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтеді

27 қараша 2024, 10:01

Сурет: Ассоль Сас

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры  Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасына арналған баспасөз жиынына шақырады.

Жақында сіздер әлемнің талантты шығармашылық тұлғаларының  бірлескен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келген жаңа ұлттық операны тамашалайсыздар. Үш күн бойы  ортағасырлық алып мемлекет- Алтын Орданың құрылуына куә болып,  ғасырлар қойнауына жетелейтін, ұлы сезімге толы естен кетпес саяхатты бастан кешесіздер. Мұның барлығы театр артистері мен балет бишілерінің, хор мен симфониялық оркестрдің жанды орындауы арқылы, сахнаның трансформациялық декорациялары, жарық эффектілері мен бейнепроекциялардың арқасында жүзеге асады. Бұл технологиялық шешімдер әр көрерменді қойылымның басты кейіпкеріндей сезіндіреді.

Операның басты кейіпкері – Хан Сұлтан Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орданың билеушілерінің бірі- Берке ханның анасы. Ол ақылдылығы, қайсар мінезі және саяси көрегендігінің арқасында Алтын Орда тарихындағы маңызды тұлғаға айналып, өзін де, ұлдарын да Жошы ұлысындағы басты қайраткерлердің қатарына қосты.

Идея авторы-Айнұр Көпбасарова.  Драматург Алмас Нүсіптің шығармасы негізінде «Хан Сұлтан» операсын  Маралтай Ыбыраев жазып шықты.

Операның режиссері – әйгілі итальяндық қоюшы Давиде Ливермор. Оның спектакльдері  Миландағы La Scala, Рим операсы, Туриндегі Teatro Regio және Генуядағы Carlo Felice театрларында қойылған.

Қоюшы дирижер – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының және М.Жәлел атындағы Татар академиялық опера және балет театрының бас дирижері Нұржан Байбосынов.

Алтын Орда мұрасы түркі халықтарын біріктіретін рухани қазына болып табылатындықтан, операның қойылуына түркітілдес елдердің  ғылыми орталықтары мен ғалымдары зор үлес қосты. Опера жазу барысында Алтын Орда мен түркітану саласының ғалымдары, атап айтқанда Алтын Орда және татар хандарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалеев, Ыстамбұл, Мармара университетінің профессоры Ілияс Кемалоглу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев ғылыми кеңесші ретінде қатысты.

Афиша авторы – Ассоль Сас, иллюстратор-суретші, график.

Ассоль өз жұмысын былай сипаттады: «Жыртқыш құстың қанаты мен тұмсығы Хан Сұлтанның жүзін бас киім тәрізді жартылай жасырып  тұр. Бұл әрі қауіптің, әрі қорғаудың символы іспетті. Жанып жатқан қала – шайқастарды, жеңістер мен жеңілістерді баяндаса, сол оқиғалардың ортасындағы  оның тағдыры – жауынгерлердің әйелі мен анасы ретінде көрініс табады».

«Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасына арналған баспасөз жиыны 28 қараша күні сағат 12:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (Қабанбай батыр көшесі, 110) өтеді.

 

 

 

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды