jasqazaq.kz

Алматыда Гелендваген «Жедел жәрдемге» жол бермеді

08 желтоқсан 2017, 11:44

Қазақстандықтар «жедел жәрдемге» жол бермеген гелендваген жүргізушісіне наразы. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл бейнеролик Алматы қаласының Құлжа даңғыл жолында түсірілген. Видео автордың жеке пікір жазуымен «АвтоЧМО.kz» тобына салынған.

Арнайы сигналдық белгі төбесінде орнатылған жедел жәрдемге ұқсайтын көлік жол бойымен келе жатады. Оның алдында күміс түсті G санатындағы Mersedes Benz көлігі кетіп бара жатыр және оған жол бермейді. Бұл көлікті басып озу үшін жедел жәрдем көлігі қарама-қарсы бағыттағы жол қозғалысына түседі.

Пікір жазушылар наразы. Қазақстандықтар мұндай жүргізушілерді жазалау керек деп есептейді.

«Жүргізуші құқығынан бір жылға айыру керек. Сонда жедел жәрдемге бір километр қашықтықтан жол беретін болады», — деп жазды Damir Boranbaev.

«Барлық автокөлікте жол жүру құқығымен қатар «Сергек» бейнефиксацияның камерасы болуы керек және бұл бейнефиксация тікелей ІІД орталығына жолданып отыруы қажет», — деген ұсыныс айтты Мұрат Теміров. Бұл видеоны шоумен Нұртас Адамбай Facebook желісіндегі өз парақшасына салғаннан кейін, қолданушылардың пікірлеріне ҚР ІІД әкімшілік полиция Комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина жауап берді.

«Видеода оқиғаның қай күні болғаны көрсетілмеген, видеоның авторы мәлімдеме жасамайынша, әрекет ету мүмкін емес. Видео авторы ӘПК ІІД парақшасына өзі туралы ақпараттарды қалдырып, жүгіне алады. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі де шағымдана алады», — деп жазды ол.

Бүгін, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 14:10
Түркістан: Бақша өнімдерін өсіруге басымдық берілуде
29 шiлде, 14:01
Түркістан: Бәйдібек ауданына мажарстандық инвесторлар келді
29 шiлде, 13:49
Түркістан: Сауран ауданында 200-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады
29 шiлде, 12:55
Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цезы ашылды
28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті