jasqazaq.kz

Алматыда автобусқа соғысқан Mersedes жүргізушісі ес-түссіз жатыр

13 наурыз 2018, 15:46

Алматыда автобус пен Mersedes көлігінің соқтығысуынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы дəрігерлер айтып берді.

Дəрігерлердің айтуынша, апат болған жерден 4 адам 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. «Таңғы 9-дан бастап зардап шеккендер толық қабылдау бөлімшесінде ем шараларынан өтті. Үш адам амбулаториялық емге жолдама алды. Олар жеңіл жарақатпен түскен. Ал Mersedes жүргізушісі ауыр жағдайда ес-түссіз жатқан күйінде жеткізілді. Мидың ашық жарақаты, кеуде қуысының ауыр жарақатымен түсті. Келе салысымен оған ота жасалды. Ішіне кеткен қан тоқтатылды. Қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Пациент жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,- деді 7 аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ғазиз Төлепбергенов. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына 6 жедел жəрдем бригадасы шыққан. «Сонымен қатар, орталық ауруханаға екі адам түсті. Аурухана дəрігерлері пациенттерді тексеріп, оларды амбулаториялық ем қабылдауға үйіне қайтарды. Сонымен қатар, Перинаталогия жəне балалар кардиохирургиясы орталығына жеткізілген жүкті келіншек те ауруханаға жатудан бас тартты»,- деді баспасөз қызметінен. Айта кету керек, оқыс оқиға бүгін Абай Саин көшесінде болған еді. Нөмірі 38-ші автобус пен Mersedes көлігінің соқтығысуынан 10 адам зардап шеккен.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен