Алматыда 19 жастағы қатардағы сарбаз Жанболат Бозбанов іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция отрядына сілтеме жасаған NUR.KZ.
21 қаңтар күні әскери бөлімінен өз еркімен шығып кеткен жігіт қайта оралмаған.
Із-түзсіз жоғалып кеткен сарбаздың белгілері: Бойы 175-180 см, үстінде камуфляжды киім, қысқы әскери бас киім болған.
Әскери полиция егер Жанболат Бозбановты көрген-білген жандар болса 290-78-41, 290-78-32 телефондарына хабарласуларын сұрайды.