jasqazaq.kz

Алматыда 7 жасар қызды қорлаған 19 жастағы жігіт ұсталды (видео)

21 сәуiр 2021, 19:41

Алматыда жеті жасар қызды қорлаған 19 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға күндізгі сағат бірде қаланың Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлер көптеп орналасқан шағын аудандардың бірінде болған.

– Жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ер адам кіреберіске кіріп, баланы қолына көтеріп, төмен қарай баспалдақпен алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, ол бейнекамераның көрінісіне енбейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, қолын тигізе бастағаны анықталды. Бала қашып үлгерді. Ол үйге жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтып берді, анасы өз кезегінде дабыл қақты. Айтпақшы, оның полицияға жедел жүгінуі қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектесті, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов. Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылы туған Ф.есімді азамат. Ер адамның ақыл-есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Ол сол ауданда тұрады.

https://youtu.be/QtrVciy9rK4

– Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Қылмыстық істер бойынша тиісті тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде, – деп түйіндеді Әбдрахманов.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті