Алматыда 2000 орындық мектеп салынып жатыр

19 сәуiр, 15:40

Алматыда Құлжа тас жолының оңтүстігінде, Медеу ауданындағы «Шығыс қақпасы» жаңа полиорталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.  Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыс алаңына барды.

Қала әкімі мектепке кіреберіс жолды және тұрақ кеңістігін жайластыру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта жылдамдық режимін шектеу енгізіледі және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы нысанның инженерлік желілерін жалпықалалық желілерге уақтылы қосу және көрсетілген мерзімде құрылысты аяқтау қажеттігін атап өтті.

Мектеп үш қабатты болады, асхана төменгі қабатта, жертөледе орналасады. Аумақта үлкен стадион қарастырылған.

Жаңа жол қозғалысы ережесі бойынша жоспарланған тұрақ орнында жасыл аймақ жабдықталады. Автокөліктер үшін бөлек тұрақ болады. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру жоспарда.

Медеу ауданының «Думан», «Думан-2», «Атырау», «Кеңсай» және «Алатау» шағын аудандарында тұратын балалар жаңа мектепке бара алады.

Бұл аталған шағын аудандарда орналасқан қолданыстағы үш — № 98, № 99 және№ 64 мектептердің жүктемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Алматыда Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 36800 оқушыға арналған 22 мектеп салынуда.

Олар іске қосылған кезде, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мың орынға дейін төмендейді.

Басты міндет — 2030 жылға қарай бір ауысыммен оқытуға толық көшу.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы — 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Қор директоры әрі мектептің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Досым Бесбайдың айтуынша, 1400 оқушыға арналған «ФизТех» мектебін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мектеп түлектердің әлемдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік туғызу үшін сапалы білім беруді көздейді.

Мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланған.

Жобаға тартылған инвестиция көлемі — 3,9 млрд теңге.

JQ-Aqparat 

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус