jasqazaq.kz

Алматыда 2 мыңнан астам адам менингит күдігіне ілікті

29 мамыр 2018, 14:32

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы менингит ауруына қатысты ағымдағы жағдай туралы айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, сенбі күні вице-министрмен Алматыға барып, барлық инфекциялық стационарларды аралап шықтық. Әріптестеріңіз де болды, инфекциялық ауруханаларда ешқандай қаптаған аурулардың жоқ екенін көрді. Тіпті, палаталар бос тұр. Қазіргі уақытта ауруханаларда орын жетпейді дейтіндей науқастар саны, ауруға шалдығу деңгейі жоғары емес», — деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне. Оның айтуынша, өлім-жітімнің болуына науқастың көмекке кеш жүгінуі себеп болған. «Барлық өлім-жітім ең бірінші кезекте науқастың кеш жүгінуінен болып отыр. Яғни, олар медицина қызметкерлеріне қаралуға асықпаған. Мәселен, соңғы оқиғада студент 3-4 күн бойы жатақханада жатып, дәрігерге қаралмаған. Ал дәрігерге келген кезінде кеш болды. Сондықтан да өлім-жітімнің басты себебі — медициналық қызметкерлерге кеш жүгіну», — деді Жандарбек Бекшин. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Алматыда 2,2 мың адам тексеруге алынған. «Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің, билік органдарының жұмысы аталған тетіктің (тасымалдаушыдан жұқпаның таралуы) таралуын тоқтатуға бағытталып отыр. Осы мақсатта барлық таралу ошақтарындағы байланысы барлар есепке алынуда. Бүгінгі күні шамамен 2,2 мың адам тексеруге алынды. Олардың ішінде 2 тасымалдаушы мен 3 ауруға шалдыққан адам анықталды. Яғни, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Міне осы әдіс арқылы тізбекті үзбейтін боламыз», — деді бас санитар дәрігер. Жандарбек Бекшиннің дерегінше, ағымдағы жылы елімізде 62 менингокок жұқпасы орын алған. Оның 29-ы Алматыда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Астанада 4-тен және Алматы облысында үшеуі тіркелген. «Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 8 өлім тіркелді. Оның 4-еуі Алматыда, ал Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында екіден орын алды. ОҚО-дағы жағдай қаңтар айында тіркелген болатын», — деді ол. Айта кетейік, бас санитар ағымдағы жылы қажылыққа баратын 2 мың адамға менингитке қарсы екпе жасалатындығын да айтқан болатын.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен