Алматы мен Алматы облысының тұрғындары көмір тапшылығы туралы айтып, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, көмірді қаппен алатын тұрғындар екі шелек көмірді 1000 теңгеге сатып алуға мәжбүр болған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Алматыдағы «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғындары қолына қап алып, көмір сатып алу кезекке тұруға мәжбүр. Бұған себеп — көмір тапшылығы дейді олар.
Бір қап көмір сатып алу үшін 25 адам кезекке тұрғанын видеоға түсіріп алған автор жағдайдың неге бұлай болып жатқанын түсінбей, аң-таң болды.
Қазақстанда негізі көмір шығады, бірақ бізде көмір жоқ, міне талас. Күн 25-30 градус суыз, көмірге, жерге баймыз, бірақ көмір жоқ. Міне, бәрі қап әкеліп салып жатыр, — дейді видео авторы.
Бұған дейін, оқырмандар Алматы облысының Есік және Талғар аудандарында көмір жоқ болғандықтан, ел бір қабын 1000 теңгеге сатып алуға мәжбүр екені жазған болатын. Олардың сөзінше, бір қаптан екі шелек көмір ғана шығады.